Атырауға жуық арада қосымша 15 санитарлық автокөлік келеді

ebad9efe b573 4d79 b163 eef70cee9132 Жаңалықтар

Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Бүгінде облыстағы медициналық ұйымдарда 41 жедел жәрдем автокөлігі  қызмет көрсетуде.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді. 

–    Қыркүйек-қазан айларында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен лизинг бойынша 40 санитарлық автокөлік келеді деп күтілуде. Сондай-ақ,  өзіміз де жуық арада тағы 15 көлік алуды жоспарлап отырмыз. Бұнымен мәселе толық шешімін табады деген сөз емес. Әлі де көптеген жұмыстар атқарылады, – деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта өңірде емханалар жанынан 61 мобилді бригада жасақталған. Үйдегі COVID-19 инфекциясының  симптомсыз және жеңіл түрімен ауырған науқастарға амбулаторлы ем жүргізілуде.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз