Атырауда жолаушылар тасымалына талап күшейтілді

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Бүгінде қаладағы жолаушылар тасымалы күніне 100 000 адамнан 40 000 адамға дейін азайған, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

–    Қазіргі таңда соңғы жаңалықтарға сәйкес, қаладағы қоғамдық көлік саны 160-тан 140-қа дейін азайды. Демалыс күндері халықты 115 қоғамдық көлік тасымалдайды. Рейстен оралған әрбір автобус салонына санитарлық тазалық шарасы жүргізіліп, арнайы сұйықтықпен өңделеді. Ол үшін кондукторларға дәрі ертіндісі мен арнайы қолғап таратылды,- деді «Смарт-Атырау» КММ басшысы Әділбек Танкиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған