Атырау көшелеріне жалпы құны 38 миллион теңгеге әжетханалар орнатылуда

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Atr.kz/2 мамыр, 2020 жыл. “Мұнайлы астанада” көше дәретханалары атымен болған емес. Бұған шетелдік инвесторлар аузын ашып таңқалатын. Енді биыл бесеуі қондырылуда.

Екеуі Жеңіс саябағы мен орталық Исатай-Махамбет алаңына қойылуда. Қалғаны әзірге белгісіз. Бұлар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы, пандустары бар.

Ал, оларды кім күтіп-ұстайды және ақылы бола ма, жоқ па, алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе. Егер сұраныс артса, саны көбейтілмек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Сурет: Atpress.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған