Атырауда 16 қабатты үйден өрт шықты (+ВИДЕО)

Жаңалықтар Оқиға Қоғам

Atr.kz/22 қаңтар, 2020 жыл. Атырауда түнде көп қабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды.

Төтенше жағдай Алмагүл ықшамауданындағы №17 үйде орын алған. Өрт туралы хабар түнгі сағат 01.49 –да түскен.

«Өрт  9, 10, 11, 12 қабаттардағы электр ток желілерін жинақтау қорабынан шыққан. Өрттің жалпы аумағы 16 шаршы метр. Нәтижесінде 35 адам жедел эвакуацияланып, құтқарылды. Құтқарылғандардың ішінде 12 бала да бар. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер жоқ» делінген ATPress.kz таратқан ақпаратта.

Өрт  түнгі сағат 02.40-та толықтай ауыздықталып, сөндірілген. Оны сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 21 қызметкері мен төрт техника бірлігі жұмылдырылды.

Фото ATPress.kz

Видео: million_kz001, Instagram

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған