Атырау университетіне жаңа ректор тағайындалды

idrisov salamat Жаңалықтар

Atr.kz/27 желтоқсан, 2019 жыл. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ректоры тағайындалды.

Ол – бұған дейін ғылым жөніндегі проректор қызметін атқарған Саламат Идрисов.

Саламат Нұрмұханұлы 1974 жылы 9 ақпанда Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1996 жылы аталмыш оқу орнын «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1996 жылы осы университеттің «Информатика негіздері және есептеуіш техника» кафедрасында оқытушы болып бастады.

Әр жылдары аға оқытушы, университет типографиясының директоры, Жаңа ақпараттық технологиялар орталығында Полиграфия бөлімінің меңгерушісі, аталмыш орталықтың директоры, физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, қашықтықтан оқыту факультеті деканы, Әкімшілік-шаруашылық департаменті директоры қызметтерін атқарды. 2016 жылдан бастап Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың міндетін атқарушы лауазымында болды.

Сондай-ақ, оның информатика кафедрасының доценті академиялық атағы, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз