Атырау теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды (+ФОТО)

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Бұдан былай   билеті бар жолаушыларды кіргізіліп,  қалаға келген азаматтарды  ғана шығарады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Ел ішіндегі  «Нұр-Сұлтан-Атырау», «Алматы-Атырау» бағыттарына да шектеу қойылды.   Ал, Нұр-Сұлтан бағытындағы Бурабай курорты станциясы мен Шу станциясынан бері қарайғы рейс жұмысы тоқтатылмайды. Шектеу қойылмайтын рейстер қатарында «Атырау-Маңғыстау», «Атырау-Ақтөбе» бағыты да бар. 

–    Қазіргі таңда теміржол вокзалында әр үш сағат сайын дезинфекция жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, енді поездардың барлығы бірінші бағытта жүреді. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр, – дейді Атырау магистралдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров. 

Бұдан бұрын  Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына билеттерді тапсыру кезінде теміржол вокзалында  халық көп шоғырланған болатын. Бүгінде  ол мәселелер шешімін тауып, атыраулықтардың барлығына ақшалары түгел қайтарылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған