Атырау қалалық әкімдігінде – жаңа тағайындау

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/22 қараша, 2019 жыл. Қала әкімінің орынбасары болып Джанглишов Ринат Бауыржанұлы тағайындалды.

Ол 1982 жылы Атырау қаласында туған, білімі – жоғары, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, заңгер мамандығын, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітіріп, экономист мамандығын, 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, мұнай-газ ісі мамандығын алған.

Ринат Бауыржанұлы еңбек жолын 2005 жылы Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясында) аға тергеуші ретінде бастаған.  2010 жылдан бастап құрылыс саласында жеке кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, 2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау қалалық Мәслихатының хатшысы болып қызмет жасап келген.

Дереккөз: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған