Атырау облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс департаментіне – Есмұхан Қажыкенов тағайындалды

54728364 652529131848423 3710978754516877312 o Жаңалықтар

Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. 19 наурызда облыс активі жиналысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс департаменті басшысының жаңа міндетін атқарушысын таныстырған болатын.

– Облыс әкімінің өкімімен Қажыкенов Есмұхан Қайыржанұлы Атырау облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушысы болып тағайындалды. 1990 жылы ол Қарағанды дене шынықтыру және сопрт техникумын тәмәмдаған. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтады. Білімі бойынша заңгер. Запастағы полковник, Ауған соғысының ардагері. 1993-1995 жылдары Махамбет ауданы прокурорының көмекшісі қызметін атқарды. Кейн аудан прокуратурасының тергеушісі болған,- деді облыс әкімі басқарманың жаңа басшысын таныстырып.

1997-1998 жылдары Атырау облысы бойынша МТК аса ауыр қылмыстар жөніндегі департаментінің аға тергеушісі, Атырау қаласы ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі.

55519615 652529081848428 4874159230891851776 o

2001 жылға дейін Е.Қажыкенов Атырау қаласының ішкі істер органдарында түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.

2001 жылы Есмұхан Қажыкенов Атырау облысының тергеу басқармасы басшысының орынбасары, Тергеу бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

54194768 652529061848430 348277888715325440 o

2016 жылы ҚР ІІШ министрінің бұйрығымен запасқа шығарылды. Жалпы алғанда Есмұхан Қажыкенов ішкі істер органдарында 20- жылдан астам уақыт қызмет атқарған.

54728364 652529131848423 3710978754516877312 o

– ​ Құқыққорғау органдарында Сіздің мол тәжірибеңіз бар. Осы жинақталған тәжірибе алдыңызға қойған міндеттерді орындауға толық мүмкіндік береді. Басқарманың алдында басқару органдарының жұмылдыру мәселелері бйынша көптеген маңызды ​тұр. Бұл сіздің қызметіңіздегі негізгі бағыт,- деді Нұрлан Ноғаев.

54211638 652529071848429 2040458118160187392 o

Басқарманың негізгі қызметі болып жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт күндері және жұмылдыру даярлығы жарияланған кезде де қолқабыс көрсету . Сонымен қатар, аталмыш орган облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық- штабтық жаттығуларды өткізуге қатысады.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз