Атырауда үй тонаған қарақшылар сотталды

20170607084420 Жаңалықтар

Айдың күні аманында үйге баса-көктеп кіріп, 24 миллион теңгені ұрлағандарды сот он жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

20170607084420

Еске сала кетелік, оқиға осыдан екі ай бұрын жеке үйлердің бірінде болған еді. «Оса» тапаншасымен қаруланып,  Рыбник саябағында орналасқан тұрғын үйлердің біріне баса көктеп кірген екеу үйінде жалғыз қалған әйелге  қоқан-лоқы көрсетіп, оның аяқ-қолын байлап тастайды. Үйді тінтіп, ақшасын, қымбат заттарын алып кетеді. Бүгінде  қомақты сома  иесіне қайтарылды. Әлгі екеудің сотталғаны өз алдына,  дүние-мүліктері де тәркілеуге ұшырады.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз