Атырауда ММА-дан облыстық чемпионат өтті

WhatsApp Image 2018 03 28 at 13.13.49 Жаңалықтар

Атырауда жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері бойынша ММА-дан облыстық 5-ші чемпионат өтті. Жарыстан жеті салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталып, республикалық сайысқа жолдама алды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-03-28 at 13.13.49

Екі күнге созылған сайысқа облыс бойынша 60-қа жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеті салмақ бойынша бірінші және екінші орын алған спортшылар Астана қаласындағы мамыр айында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Жеңіс тұғырынан көрінсе, Азия Чемпианатына қатысады.

Сайыс қорытындысына келсек, 56,7 келі салмақ бойынша Ақылбек Ғарифуллин жеңіске жетсе, 61,2 келі салмақ дәрежесінде Олжас Молдағалиев жеңіс тұғырынан көрінді. 65,8 келі салмақта Джахар Шапхатов өз қарсыласынан басым түсіп бірінші орынға жайғасса, 70,3 келі салмақта Аманбек Бекмұратұлы иеленді. Ал, 77,1 келі салмақ дәрежесінде Азамат Утеулиев пен 83,9 келі салмақта Артем Трембач бірінші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, соңғы 93 келі салмақ дәрежесінде Георгий Кварнани өзінің қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.

WhatsApp Image 2018-03-28 at 13.13.52

– Бүгінгі күні федарациямыз жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді. Азия чемпиондары мен әлем чемпионатының финалистерін және Қазақстан чемпиондарын дайындадық. Қазірде солардың ізімен жүріп келе жатқан жас буындар нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп келеді, – дейді Атырау облысының ММА федерациясының вице-президеті Болат Байшжанов.

Хорлан СМАДИЯР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз