Атырауда әлеуетті инвесторларға жобалар портфелі дайындалуда

ebaa7ca3 4f9f 4046 8c75 6828700bd79e e1518152073530 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен мемлекеттік органдарда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша жауапты мамандар бекітілді,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ebaa7ca3-4f9f-4046-8c75-6828700bd79e

Атырау облысында 2017 жылы «Атырау қаласы көшелерін жарықтандыру құрылысы мен пайдалануға беру» және «Атырау облысында диагностика бойынша бағдарлама әзірлеу, арнайы мамандандырылған бағдарламалық және сандық рентгенографикалық жүйелермен жабдықтаудан тұратын өкпе туберкулезін ерте диагностикалауға арналған іс-шаралар кешенін әзірлеу, пайдалануға беру» жобалары жүзеге асырыла бастады.

2018 жылы Атырау қаласында балабақша, мектеп, ауысымына 250 қабылдауға арналған емхана, Ақсай селосында ауысымына 25 қабылдауға арналған  дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. «Атырау қаласында 10 200 тонна көкөніс қоймасы мен 1 га. жылыжай салу, пайдалануға беру», «Атырау қаласында монша салу, пайдалануға беру», «Атырау облысы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, пайдалануға беру», «Атырау қаласындағы мектептерде тамақтануды ұсыну мен ұйымдастыруға халықаралық стандарттар енгізу» жобалары бойынша конкурстық құжаттама дайындау жұмыстары да жүруде.

Алдағы уақытта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Атырау қаласында бейнебақылау мен жолда жүру ережесін бұзғандарды фото-бейнетіркеу аппаратты-бағдарламалық кешенін құру, пайдалануға беру», «Құлсары қаласында сыртқы жарықтандыру желілері құрылысы», «Атырау қаласындағы мектептерде ақылды басқару жүйесін құру» жобалары іске асады деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз