Атырау төтенше жағдайға дайын ба? (ФОТО)

DSC 0570 Жаңалықтар

Атырауда «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен мұнай-газ және химия өнеркәсібі саласындағы «Атқылама-2017» аймақтық оқу-жаттығу шарасы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

DSC_0570

-Бүгінгі аймақтық оқу-жаттығу шарасына қатысушылар! Өздеріңізге мәлім, барлық салада, соның ішінде мұнай-газ және химия өнеркәсібі саласында адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірер апатты жағдайлар болып тұрады. Осы тұрғыда, сіздерге жүктелетін аса маңызды міндет-сол орын алған апатты, күтпеген жерден атқылаған мұнай бұрқақтарын шұғыл ауыздықтап, қиындыққа душар болған адамдарды құтқарып, жағдайды қалпына келтіру. Бұл міндеттеріңізді әрқашанда абыроймен атқаррып, сенім биігінен көрініп келе жатқан сіздер осындай шаралар арқылы білім-біліктеріңізді жетілдіріп, шеберліктеріңізді шыңдап, бір-біріңізбен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие боласыздар. Сондықтан да сіздердің жұмыстарыңыз өте жауапты, қауіпті де қажетті. Баршаңызға сәттілік, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, шара шеңберінде жалғасын табатын спорттық сайыстарда жеңіс тілеймін. Шартты түрде орындау үшін беріліп отырған жаттығуларыңыз осымен ғана шектеліп, нақты өмірде апатты жағдайлар болмасын,-деді аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы.

DSC_0499

Шараға қатысқан «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК бас директоры, генерал-майор Диханбек Сатылғановтың айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша құтқарушылардың жеке құрамы 3000 адамды құраса, олардың бір бөлігі осы оқу-жаттығу шарасына қатысып жатқан Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы филиалдарда қызмет атқарады.

DSC_0800

Білгеніміздей, осымен бесінші мәрте өткізіліп отырған «Атқылама-2017» аймақтық оқу-жаттығуына 60-тан астам құтқарушы мен ондаған бірлік техника қатыстырылып отыр. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін облыс әкімі мен республикалық кәсіпорын басшысы арнайы дайындалған көрмені аралап, жаттығуларды тамашалады.

DSC_0917

DSC_0952

DSC_0672

DSC_0870

DSC_0763

DSC_0432

Даулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Максим СТАДНИЧЕНКО

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз