Нұрсая шағын ауданынан жас жұбайларға арналған саябақ салынады

28685be2b9205f6bb Жаңалықтар

Atr. kz / 13 – ақпан. Атыраудағы Нұрсая шағын ауданынан саябақ салынады. Және облыс орталығындағы Жеңіс саябағы мен Тұрғындар үйі қалашығындағы саябақтарды жаңарту, 22 сквердің құрылысы бойынша құжаттамалар жасақталуда. Бұл туралы бүгін Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы тұрғындар алдында есеп беру жиыны кезінде мәлімдеді.

28685be2b9205f6bb
Иллюстративті фото

«Аталған сквердтерді қаладағы мөлтек аудандарда жасағымыз келеді, алайда, қаладағы бос жерлердің көпшілігі жеке тұлғалардың меншігіне беріліп кеткендігі салдарынан, қазір скверлерді салу үшін жер тапшылық етуде. Осы кездесуді пайдалана отырып, тұрғын үйлер аумағында бос тұрған жерлердің иелерінен жер телімдерін мемлекетке өз еріктерімен қайтаруды сұраймын» деді ол.

         Айта кетелік, қазіргі таңда қалада Исатай-Махамбет алаңын қайта жаңғырту, Бейбарыс даңғылынан бастап Жастар саябағына дейін Жайық жағалау учаскелерін абаттандыру жұмыстары жүруде.

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз