Қызылқоғада ашылған қайырымдылық қоры үш адамға қажылыққа жолдама берді

IMG 20190201 WA0043 Қоғам

Бүгін «Қызылқоға – құтты мекенім» қайырымдылық қоры ресми түрде жұмысын бастады. Қорды жергілікті кәсіпкерлер Азамат Өтебаев пен Медет Серікбаев ашып отыр.

IMG 20190201 WA0043

«Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде өткен ізгі шара аясында қордың құжаттарын Қызылқоға аудандық «Бәйтерек» орталық мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов қор төрағасы Азамат Өтебаевқа салтанатты жағдайда табыс етті. Аталмыш шараға Қызылқоға ауданына бір күндік жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы арнайы қатысты» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Қызылқоға жұртшылығы қатысқан жиында ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, жат ағымдардан сақтану арқылы, ел бірлігін нығайту жолында бірігу хақында уағыз-насихат жүргізді.

«Ислам дінінің мақсаты – адам баласын бұл дүниеде және ақыретте бақытқа кенелту. Алла Тағала Құранда: «Намаз өтелген кезде жер жүзіне таралыңдар да, Алланың кеңшілігінен несібе іздеңдер. Және де Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине, құтыласыңдар» («Жұма», 10), – дейді.

Сондықтан, теxнология сағат санап қарыштап дамып бара жатқан сәтте қазақтың әрбір ұл-қызының уақытын бос, пайдасыз нәрселермен өткізуі елдігімізге сын. Ел болашағына жалғыз ғана даңғыл жол бар. Ол – сауаттылық» деп атап өтті ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы.

IMG 20190201 WA0044

Айта кетелік, «Қызылқоға – құтты мекенім» қайырымдылық қорының мақсаты – мұқтаж жандарға әлеуметтік тұрғыда жан-жақты көмек көрсету. Салтанатты рәсім кезінде қор қызылқоғалық үш азаматқа Умра қажылығына жолдама берді. Осылайша, кіші қажылыққа жолдаманы Нұрлан Орынбаев, Бауыржан Мәселов және Райымбек Якупов иеленіп отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз