Ауылдың  асфальті  түзеледі

фото 491 Экономика

фото 491Ауданда жолдарды жөндеу жұмыстары тың қарқын алды. Махамбет селосы бойынша «Шұғыла» ықшамауданында 2,3 шақырым ауылішілік жол және 1,3 шақырым жаяу жүргінші жолы төселуде.

«Атырауинжстрой» мердігер компаниясы бастаған жұмыстар қыркүйекте аяқталады. Бұдан басқа, Сарайшық, Бейбарыс және Алмалы елдімекендерінің ауылішілік жолдары күрделі жөндеуден өткізілмек.

«Бірінші кезекте Махамбет ауылының ұзақ уақыттан бері кедір-бұдыр көшелеріне асфальт төсеу және кірме жолдарды кеңейту жұмыстары жүзеге асырылады» дейді аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Сапаров.

Дәулетқали АРУЕВ

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз