КАРАТЕ-ДО: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА САПЫНДА ЖАРЫСҚАН ӘБІЛМАНСҰРДА ҚОЛА МЕДАЛЬ

OO 1 Жаңалықтар

Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл.    Словакия мемлекетінің   Братислава қаласында карате-до спортынан  Гран-при бәсекелері өтіп,  39-шы рет өткізілген сайыста  әлемнің ең таңдаулы деген спортшылары бас қосты.

Осы  сында  ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен  атыраулық  Әбілмансұр Батырғали  қола  медальдің иегері атанды.

OO
Әбілмансұр Батырғали

Әбілмансұр жарыс барысында алты кездесу өткізіп, жартылай финалдық бәсекеге дейін Чехия, Польша, Хорватия, Словакия, Венгрия елдерінің спортшыларын айқын басымдықпен  ұтып, соңғы жекпе-жегінде венгрлік каратэшіден ұпай санымен жеңілді.

Айта кетсек, Әбілмансұр карате спорты бойынша Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған тұңғыш қазақстандық спортшы болып табылады.

OO1

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Gulmira

    Kutty bolsyn!!!