Жол апатының құрбаны

dtp atyrau Жаңалықтар

9 шілде күні Атырау – Астрахан тас жолының 823 шақырымында жол-көлік апаты болды. Оның мән-жайын облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева айтып берді.

dtp-atyrau

Жүйіткіген «Toyota Estima» маркалы көлігі кенет жолдан шығып, аударылып кетеді. 1987 жылғы жүргізуші басқару руліне ие бола алмай қалған секілді. Оқыс оқиғаның салдарынан салонда отырған жеті жолаушының екеуі қаза тапты. Оның бірі 1940 жылы туған әйел адам болса, екіншісі – немересі, 2008 жылы дүниеге келген ер бала. Екеуі де Ресейдің Астрахан облысының азаматтары екен.

– Қалған жолаушылар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Ал, 2009 жылғы қыз ем алып жатыр,- деді облыстық ІІД өкілі.

Бүгінде көлденең жағдайға байланысты іс қозғалып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз