Нұрлан Ноғаев трансшекаралық өзендерді сақтап қалу жолдарын табуға шақырды

Жаңалықтар

Atr.kz/1 қазан, 2019 жыл.  Атырау облысы әкімдігінде мүдделі тараптардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Жайық –Каспий бассейнінің су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ғалымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшыларын трансшекаралық өзендерді сақтап қалу тетіктерін жасақтауға шақырды,- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңір басшысы атап өткендей, 26 қыркүйекте Атырауда трансшекаралық су объектілерін бірлесе пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясының кезекті отырысы өтті.- Ауыз сумен, су шаруашылық субъектілерін сумен қамтамасыз ету – аса өзекті мәселе. Су ресурстарын тиімді пайдалану қажеттігін барлығы да қолдайды. Су үнемдейтін, энергияны үнемдейтін технологияларды белсенді қолдану қажет. Бұл қымбатқа шығады, бірақ, біз осыны істеуіміз керек. Су ресурстары сарқылмайды деген – қате ұғым. Жер қойнауын, соның ішінде су ресурстарын пайдалану – маңызды мәселе. Біз бұны жіті назарымызда ұстауымыз қажет,-деді Нұрлан Ноғаев. ​
Облыс әкімінің пікірінше, мемлекетаралық комиссияның қызмет істеп жатқанына бірнеше жыл болғанымен, проблемалық мәселелер тиісті шешімін таппай тұр. Комиссияның мәртебесін көтеру қажет, мәселен, премьер-министрдің орынбасарының деңгейіне дейін. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​«Центр водных инициатив»қоғамдық қорының сарапшысы Мейрам Арыстанов трансшекаралық өзендердің, соның ішінде, Жайықтың мәселесі Ресеймен бірлескен отырыстарда 1992 жылдан бері қаралып келе жатқанын еске салды.

Соңғы онжылдықтарда Жайық-Каспий бассейнінде жыл сайынғы суды пайдалану бірнеше миллиард текше метрге азайған. Негізгі себептерінің бірі -​ трансшекаралық Жайық, Қиғаш, Ертіс, Есіл, Тобыл, Елек, т.б. өзендердің ағысының азаюы.- Жайық негізінен Сакмара өзенінің суымен қоректенеді. Ирикли су қоймасынан келетін су – небары 30%. Сондықтан, қазақстандық тарап қазір Сакмара бойынша ақпарат алуға мүдделі. Бұған дейін бұл жөнінде ақпарат болмады дерлік. Бірлескен комиссияның аясында осы өзендегі су шаруашылық қызметті анықтауды жоспарлап отырмыз. Башқұртстанда жалпы көлемі 1 млрд. текше метр 5 су қоймасын салу жоспары болған. Бұл да біздің өзендердің сумен қамтылуына қатысты жалпы ахуалға әсер етуі мүмкін. Қазіргі жағдай қандай, белгісіз,-деді М.Арыстанов.

Су шаруашылығының ардагері, мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылық комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығының қазақстандық филиалының директоры Нариман Қыпшақбаев жағдайды мүлдем ушықтырып алмай қимылдау қажет деп есептейді. Бірнеше жылдан кейін бұл мәселелерді шешу мүмкін болмай қалады. Қазір барланған жер асты су көздерін мейлінше пайдаланып, қараусыз қалған суару каналдарын іске қосу, ауыл шаруашылығында тамшылатып суару әдісін қолдану қажет. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 

​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Соңғы жылдары Жылыой ауданында Жем өзені суының азаюы өзекті проблемаға айналды. Аудан аумағында өзеннің су арнасы тартылып қалды деуге болады. Бұл мәселені аудан әкімі Азамат Бекет баяндады. Нақты ахуалмен анықтау үшін, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Жем өзенінің бастауына экспедиция ұйымдастырылды. Мамандардың пікірінше, Жемнің тайыздануының себебі – қыста қардың, көктемде жаңбырдың аз болуы. Жемді сақтап қалудың бір тәсілі ретінде өзен бойында су қоймасын салу жобасы ұсынылып отыр. ​Отырыста жер асты су көздерін пайдалану сияқты маңызды мәселе де ​ қаралды. Қазіргі таңда Көкжиде су көзінің мол қорын пайдалануға нақты мүмкіндік бар. Жер асты су көздері Жылыой ауданының өзінде де орналасқан. ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аталған проблемалардың маңыздылығын тағы да қадап айтты. Бұл мәселелерді ғалымдар мен мамандардың зерттеулеріне сүйене отырып, шапшаң шешу қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *