Мақаттық муайтайшылар мерейі

Мақаттық муайтайшылар мерейі Жаңалықтар

МАҚАТ. Доссордағы «Алан» муайтай клубының спортшылары ересектер арасында Алматыда өткен Қазақстан чемпионатынан олжалы оралды.

Мақаттық муайтайшылар мерейі

Еліміздің барлық өңірлерінен 120 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде мақаттық Әбіл Ғалиев, Еламан Саясатов, Ищан Ғалиевтар өз салмақ дәрежелері бойынша қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Муайтайшы жігіттерді енді мамыр айында Беларусь астанасы – Минск қаласында өтетін Әлем кубогі  сайысы күтіп тұр.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз