Мақат ауданындағы кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытыла бастады (ФОТО)

IMG 20170902 WA0039 Білім

Мақат ауданындағы 9 мектепте Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанаты болып өтті.

IMG-20170902-WA0039

Жаңа оқу жылын 5600-ге жуық оқушымен бастағалы отырған аудан мектептерінде 489 педагог қызмет етеді. Жалпы, аудан бойынша 3 мектептегі 8 сыныпта пәндер жаратылыстану-математика бағытында оқытылады. Сондай-ақ, информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту Б.Қанатбаев атындағы орта мектепте, биологияны С.Шарипов атындағы мектеп-интернатында, xимияны Абай атындағы орта мектебінде факультативті түрде оқыту тәжірибеге енгізілді.

IMG-20170902-WA0036

Биыл ауданның білім беру мекемелерінің материалдық-теxникалық базасы жаңартылып, жөндеу жұмыстары талапқа сай жаңартылды. «Сандуғаш» және «Балбөбек» балалар бақшасы да күрделі жөндеуден өткен.

IMG-20170902-WA0038

Салтанатты шарадан соң барлық мектеп сыныптарында «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында жаңа оқу жылының алғашқы сабағы басталды.

IMG-20170902-WA0042

IMG-20170902-WA0046

IMG-20170902-WA0040

 

Лена НҰРБАЕВА,

Мақат ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз