«Ұлы дала тұлғалары» атты кездесу кеші өтті (ФОТО)

IMG 5628 Жаңалықтар

«Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасында жеңіске жеткен атыраулық Ерлан Күмісқалиев пен Әсемгүл Оразаевамен кездесу кеші осылай деп аталды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара Ж.Нәжімеденов атындағы №2 мектепте болды.

IMG_5628

Кеш қонақтары бүгінде жасап жүрген еңбектерінің мақсатымен, арманға жету жолындағы сырларымен бөлісті.

IMG_5712

«Адамдардың жеңіске жетіп, шыңға шығуы өзінің қолында. Тек дұрыс бағыт, бағдар алуы қажет. Өзгелер осыған жету үшін біз аз да болса өз үлесімізді қосқымыз келеді»,-деді «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Күмісқалиев. Ал, Атырау қаласындағы «USC» ЖШС негізін қалап, құрылтайшысы болған Әсемгүл Оразаева, мақсаты айқын адам талмай еңбек етсе кәсіптің сан түрлі бағытын аша алатынын айтты.

IMG_5358

Сондай-ақ, олар есімдері ұлтымыздың алтын қорына енгендерін мақтанышпен жеткізіп, оқушылар қойған сауалдарға жауап берді.

Кездесу кеші концерттік бағдарламаға ұласты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз