Қазақстанда жеке куәлікті QR-код арқылы қолдануға болады

91837599 w640 h640 kupit tsifrovoj bankovskij Жаңалықтар

  Atr.kz/7 қараша, 2019 жыл.  Жеке куәліктің электронды нұсқасы шықты, – деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің жеке куәлігін электронды түрде табу оңай. Жеке куәліктердің электронды түрі «eGov mobile» мобильді қосымшасында қолжетімді. #NITEC («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ) веб-әзірлеушілері жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Егер сізде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болмаса, «eGov mobile» мобильді қосымшасының көмегімен QR-код арқылы оның электронды нұсқасын қолдана аласыз», – деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

«eGov mobile» мобильді қосымшасы Play Market (Android) және App Store (iPhone) қосымшаларында қолжетімді. Оны қалай қолдану керектігі туралы nitec.kz және egov.kz сайттарынан білуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз