Ирандағы ұшақ теракт салдарынан апатқа ұшыраған болуы мүмкін

Жаңалықтар

Atr.kz/9 қаңтар, 2020 жыл. Иран үкіметі Тегеран әуежайына жақын маңда құлаған ұшақтың тергеудің алғашқы нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуе борты жерге тимей жатып жана бастаған.

“Куәгерлердің сөздерінше, аспанға көтеріліп бара жатқан ұшақтың фюзеляжы отқа орана бастаған”, – делінген Иранның жариялаған құжатында.

Оған қоса құжатта лайнердың ұшу бағыты экипаж мүшелерінің ұшақты әуежайға қарай кері бұрғандығын аңғартатындығы айтылған. Дегенмен пилоттар неліктен бұлай жасағандарын айтпапты.

Естеріңізге салай кетейік, бұған дейін әуе кемесі құлаған жерден зымыранның қалдығы табылғаны айтылған еді.

Сарапшылар ұшақ теракттың кесірінен құлады деген нұсқаны назарға алуды ұсынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *