Димаш Құдайберген дәрігерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. Әлемді мойындатқан даңқты әнші бұл туралы 3,1 миллион жазылушысы бар инстаграм парақшасында жазды.


“Өзгелерге көмектесіп, өз өміріне қауіп төндіріп жатқан медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адамның коронавирустан жазылғаны туралы жаңалықты естідім. Бұл тек басы. Қазақстан мен бүкіл әлемнің дәрігерлеріне бас иемін. Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысын өсірсе не болмаса сыйлықақы берсе жақсы болар еді”, – деп жазды Димаш.


Осыдан алты сағат бұрын жазылған постқа 34 567 лайк басылған.
Коронавируспен күреске әлемдік спорт жұлдыздары да үлес қосып жатыр. Айта кетелік, бұған дейін Vesti.kz ирландиялық Конор Макгрегордың өз еліндегі ауруханаларға коронавируспен күрес үшін бір миллион еуро бөлетіндігін жариялаған еді.


Қазіргі таңда елімізде 7000-ға жуық қазақстандық карантинде жатыр. Ал, вирусты жұқтырғандар саны 97 адамға дейін өсіп отыр. Бүгінгі күні елорда мен Алматы қалаларында карантин жарияланып, азық-түлік дүкендерінен өзге сауда орындарын уақытша жабу туралы шешім қабылданды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *