Біреуі жылыойлық: Атырауда коронавирус жұқтырған тағы төрт адам тіркелді

kazakhstan coronavirus 150320 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Бүгін түнде Қазақстан бойынша тағы 7 адамнан қауіпті індет анықталды.

Ауру жұқтырғандардың төртеуі Атырау облысында тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 3, Жылыой ауданында – 1 адам есепке алынды. Қазіргі таңда науқастардың барлығының бұған дейін вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталып отыр.

«Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық  сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
         
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр» делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, 8 сәуір елорда уақытымен 8.45 сағаттағы дерек бойынша, Қазақстанда барлығы 704 адам коронавирус дертінен емделіп жатыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/otandy%d2%9b-m%d2%b1naj-gaz-salasyna-%d2%9bandaj-%d2%9bauip-t%d3%a9nui-m%d2%afmkin/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз