«БАРЫСТАР» – ЖАУАПТЫ СЫН АЛДЫНДА

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/21 қазан, 2019 жыл. Баскетболдан ерлер арасында XXVIII Қазақстан чемпионаты басталды. Әдеттегідей ұлттық және жоғары лига болып бөлінген.

   Ұлттық лигада «Ақтөбе», «Астана», «Атырау Барыстары», қостанайлық «Тобыл», көкшетаулық «Синегорье», ақтаулық «Каспий» қатысады. Ал жоғары лигада «Атырау Барыстары -2», «Алматылық Легион -2», «Қазығұрт», «Барс», «Ертіс» және «СДЮСШ» командалары бақтарын сынайды.

  Алғашқы ойындарын сәтті бастаған «Атырау Барыстары» баскетбол клубы алты ойынның бесеуін жеңіп, 11 ұпаймен көш бастауда. Соңғы екі кездесуін Ақтөбеде өткізген жерлестеріміз 94:71, 88:84 есебімен жеңіске жетті. «Барыстардың» келесі қарсыласы ­–  «Астана» баскетбол клубы. Ойындар 29-30 қазанда Атырауда өтеді.

   Ал, «Атырау Барыстары-2» командасының жас ойыншылары қазанның 25-27 күндері Латвия астанасы Ригада Жасөспірімдер Еуропа Лигасында өнер көрсететін болады.                                   

                                                           Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *