Бұйдаға бағынбаған билет: пойыз жолаушыларының жүйкесін жұқартты

1aas Жаңалықтар

Atr.kz/7 маусым, 2019 жыл. Міне, жайдары жаз мезгілі де келіп жетті. Жылдың осы бір жайма – шуақ кезеңі келгенде кез келген адамның көңілі мен тәні еріксіз еркіндікті, тыныштықты қалайды. Көпшіліктің еңбек демалысы уақытын осы мезгілге жоспарлайтыны да сондықтан шығар.

Жолаушы болуың үшін алдымен діттеген жеріңе жеткізетін көлігіңді сайлап алу шарт екені белгілі. Ол үшін жолаушылар тасымалдайтын ұшаққа  немесе пойызға билет алу қамына кірісесің. Иә, кей кезде ондай ойға алған жоспарыңның дер кезінде орындалуына таңдаған көлігіңе билеттің болмауы да кері әсерін  тигізіп, м ә с е л е н і күрделендіріп, аяғыңа тұсау салып жататын жайы бар. Жыл сайын жаз мезгілінде пайда болатын, осы «билет тапшылығы» мәселесі жолаушылардың жанына жағымсыз көкейкесті мәселесіне айналғалы қашан?

Осы бас ауыртар билет жайының биылғы жағдайын білу үшін темір жол вокзалына барып, пойыз билетінің қолжетімділігіне журналистік зерттеу жүргіздім. Вокзал  іші  әдеттегідей ығыжығы адамға толы. Біреулері қол жүктерін қасына алып пойыздарын күтсе, бірі билет алу қамымен вокзал кассаларында сарылып кезекте  тұр. Алдымен вокзалдың төменгі қабатында  бір-біріне тіркес орналасқан билет сату кассаларын аралап шықтық.

Сөйтсек,  негізгі ғимараттың өзінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на тиесілі төрт билет сату кассасынан бөлек, жеке меншік иелігіндегі «Батыс регион транс сервис», «Баянды жол сервис», «АДМА», «Аi-Star», «АсТал», «Шелковый путь Казахстана», «Атамекен LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің кассалары  жолаушыларға теміржол билеттерін сату қызметін көрсетіп отыр екен.  Билет алуға келген адам өз таңдауымен осылардың  кез келгеніне жолыға алады.  Алайда, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на тиесілі төрт билет сату кассасынан басқалары қызмет көрсеткені үшін билет құнына үстеме пайыз ақша қосып сатады.

Билет алуға келгендердің көпшілігі к а с с а л а р в о к з а л і ш і н д е орналасқандықтан олардың үстеме ақша ұстайтындықтарынан да хабарсыз болады, ал, жеке меншік кассадағылар болса көп жағдайда билет алушыға өздерінің қосатын қосымша төлемдері бар екендіктерін айтпайды. Біз касса маңында біраз жүріп билет алуға тапсырыс жасап жатқан адамдардың о й – п і к і р і н т ы ң д а д ы қ .

Алушылардың көпшілігінің билетті бір ай бұрын мерзіммен алып жатқанын көріп, оның себебін сұрастырдық. Сөйтсек, қай-қай бағытқа да жақын арадағы күндерге билет табу мүмкіндігі  жоқтың қасы  болып шықты. Бәрі сатылып кеткен. Ерінбей жүріп, мемлекет меншігіндегі кассалардан өзге билет сату нүктелеріне де жеке-жеке сұраным жасап, жұртшылық көп баратын Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары  бағыттарына екі апта көлемінде бара алу мүмкіндігі бар-жоқтығын білдік. Қорытындысында,  бәрі де келісіп алғандай «билет жоқ» деген жаттанды жауаппен құтылады. 

photo 15372

Бұл әрекетімізден соң билет алу мүмкіндігінің жайы неге бұлай екендігін білмекке «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Атырау филиалы мамандарына жолыққанымызда олар негізгі  мәліметтерді т е к б а с ш ы л ы қ т а р а п т а р беретіндігін айтып, бізбен сөйлесуден бас тартты. Десе де, аты жөнінің жасырын қалуын өтінген бір қызметкер сатылымдағы билеттердің барлығы бүгінгі күні онлайн тәсілімен жүзеге асырылатындығын, яғни, кез келген адам үйінде отырып та интернет арқылы баратын бағытына билет алу мүмкіндігіне ие екендігін жеткізді.  Осы себепті, қазіргі таңда сатылымда билеттің тапшы болуы қалыпты жағдай деп түсіндірді. Ал, билеттер кез келген бағытқа 45 күн бұрын сатыла бастайды екен.

Осыдан соң, біз де ғаламторға кіріп негізгі бағыттарға билеттердің бар-жоғын білмекке ниет білдірдік. Интернетке енуіміз сол еді, алдымыздан  бірнеше әуе және теміржол билеттерін сататын сайттар тізімі көрініс берді. Соның біріне кіру арқылы Атырау – Нұр-Сұлтан бағытына билет іздеп көрдік, айтқандай-ақ, ол бағытқа бір айға дейін бірдебір билет алу мүмкіндігі болмады.

Осыдан соң, Алматы бағытын да тексердік. Онда да сол жағдай қайталанды. Ал, өзімізге көршілес Ақтөбе қаласының өзіне де  он  күнге дейін еш орын табылмады, тек, Каспий теңізінің жағасында орналасқан Ақтау қаласына ғана әзірге бір күн бұрын билет алу мүмкіндігі сақталған. Ендігі бір білгеніміз, былтырдан бастап қандайма  жол жүру билетін алғандар белгілі-бір жағдайлармен жолға шықпайтындай жағдай туындап, билеттерін кері тапсырған жағдайда әр билеттен міндетті түрде 1000 теңге көлемінде қайта өткізу тарифі  ұсталынады екен. Оған қоса, билетті кері тапсыру үшін билеттің иесі немесе сенімхаты бар адамның өзі болуы керек.  Бұл заң алыпсатарлардың  жолын кесу үшін жасалыпты.

Осыған дейін олар  куәліктің көшірмесі арқылы билетті сатып алып, қайта өткізіп жүрсе, қазір бұл жағдай мүмкін емес екен.  Қалай десек те, амалын тауып делдалдық жұмыс арқылы адамдарды қалаған бағытына мінгізуді кәсіп қылып жүргендер де түп тамырымен жойылмапты. Оған осы журналистік зерттеу барысында куә болдық. Кассадан билет таппай сеңделгендерді тауып, оларға өз қызметін ұсынып жүрген «делдал» сол күні біздің  жанымызға келе қалды.  Қазақтың қара торы жігіті бізге өзінің қолдан келер мүмкіншілігін айтып, қызметін ұсынды.

1460729071 a

Сұхбат барысында екеуміздің ортақ танысымыз да бар болып шықты. Осыдан соң,  сабазың ашыла сөйлеп, жұртқа айтпас кейбір жайттарды айта бастады.  Сөйлесе келе ол адамның вагондардағы жолсеріктермен ым-жымы бір екенін білдік… Бұлардан бөлек, барар жеріне билет таба алмағандардың кейбірі «басар тауы» қалмаған соң  тікелей жолсеріктерге өздері жолығады. Жағдайын т ү с і н д і р е д і .

«В а г о н қожалары» әрине, ыңғайы келсе, оңай олжаға «кет әрі» демесі белгілі. Осылайша бұрынғы қалыптасқан «бармақ басты, көз қысты» жүйе  әлі де жойылмай келе жатқанын дәлелдейді.

Осыларды бағамдай отырып, жұртшылық бүгінгі күні жолға шығар күнін екі ай бұрын жоспарлап, кемінде бір ай бұрын барар бағытына билетін алдын-ала алып қоюы шарт екенін  білдік.  Осылайша алдын-ала болжамды қимыл жасамасаң, жолға шығуың, ойлаған жоспарың жүзеге асуы екіталай.  

Біз одан өзге  билет табудың басқа жолын көре алмадық. Ендеше, әрқайсысымыздың да нар тәуекелге бел буып, алдын-ала қамданудан басқа амалымыз жоқ екен.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз