Атырауда “Студенттік көктем -2019” фестивалі өтті (+ФОТО)

ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Мәдениет ФОТОГАЛЕРЕЯ

Аtr.kz/31 мамыр, 2019 жыл. Дәстүрлі «Студенттік көктем -2019» фестивалі Жастар жылында айрықша сән-салтанатпен өтті. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына жиналған жастардың қарасың қалың.

Шараны «Алаш мәдениеті» қоғамдық қоры «Atyrau Students Union» жобасы аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Оған Атырау қаласындағы жоғарғы және кәсіптік-техникалық білім беру орындарының студенттері қатысты. Мақсат – олады мәдени, рухани қасиеттерге баулып, жас таланттарды қолдау. Көктемгі мерекені асыға күткен студенттер биылғы байқауға ерекше дайындықпен келгені байқалып тұр. Вокалды-хареографиялық қойылымдар, әсерлі ән-би көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Нәтижесінде, бас жүлде Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғарғы колледжіне, I орын Атырау жоғары медицина колледжіне, II орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне, ал, III орын Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжіне бұйырды. Бас жүлдегер «Jastar Otanga» лагеріне жолдама мен фестиваль демеушісі Әсел Рахметовнаның 100 000 теңгелік серификатын иеленді.

Сондай-ақ, Атырау сервис колледжі «Үздік оқытушы мен студент», Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы «Атырау музыка колледжі «Ең ұйымшыл оқу орны» атанды.

Ұйымдастырушылар өз кезегінде демеушілер –  BAXYT MYRZAGALYEVA, PANTERA сұлулық салондарына, INFINITY FITNESS фитнес орталығына, KINOPLEXX кинотеатрына, FOOD LINE ұжымына, КОЛОРИТ жарнама агенттігіне, «Цветы Лолы», STUDIO BEREKET, MIRAS_STUDIO, “Саид Мунбаев” фотостудиясына және Төремұрат Бермағамбетовке алғыс білдірді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *