Атырауда мұнай тасымалдаушылар байқауы жалғасын тапты

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/8 тамыз, 2019 жыл. Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ ұйымдастыруымен мұнайқұбыршылардың «Үздік маман – 2019» халықаралық байқауы жалғасуда.

Дүбірлі дода Н.Шманов және Т.Қасымов атындағы мұнай айдау стансалары алаңында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сайысқа қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Сондай-ақ биылғы қатысушылардың жетпіс пайызы – жастар.

«Байқауды ұйымдастыру біз үшін үлкен мәртебе. Жеңістен де үмітіміз зор. Дегенмен, конкурстық комиссия мүшелері барлық қатысушыға тең қарайды. Өз ісінің нағыз шеберлері жеңіске жетуі керек», – дейді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Орал Идырысов.

Жарыста Қазақстанның намысын қорғау үшін «ҚазТрансОйл» компаниясының сегіз кәсіби маманы іріктелген.

Олар:

Айман Сисекенова – «Үздік химиялық сараптау зертханашысы» номинациясы бойынша – Құлсары мұнай құбыры басқармасының «Прорва» Мұнай айдау стансасының химиялық сараптау зертханашысы; Үсер Дәрібай – «Үздік тауар операторы» номинациясы бойынша – Атырау мұнай құбыры басқармасының Т. Қасымов атындағы мұнай айдау стансасының тауар операторы;

Антон Артюшенко – «Үздік мұнай айдау стансасының операторы» номинациясы бойынша – Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Екібастұз» мұнай айдау стансасының операторы; Рүстембек Жылкелдиев – «Үздік желілік мұнайқұбыршы» номинациясы бойынша – Құлсары мұнай құбыры басқармасының апатты қалпына келтіру пунктінің желілік мұнайқұбыршысы;

????????????????????????????????????

Рашид Бақтығалиев – «Үздік электргаздәнекерлеушісі» номинациясы бойынша – Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының электргаздәнекерлеушісі; Антон Ползяков – «Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері» номинациясы бойынша – Атырау мұнай құбыры басқармасы релелі қорғаныш аппаратурасы және автоматиканы жөндеу жөніндегі электрмонтері;

Нұрмұханбетәли Лұқпанов – «Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі» номинациясы бойынша – Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі; Айдар Аманғалиев – «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі» номинациясы бойынша – Атырау мұнай құбыры басқармасы, автоматтандырылған басқару жүйесі телімнің бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі.

Атыраулық Айдар Аманғалиев бұл бәйгеде озық шабатынына сенімді. Бұған себеп – алдын ала ыждағаттылықпен дайындалу.

«Жалпы, біздің мамандығымыз қызыққа толы. Онда жүйелердің сан түрі бар. Қиындығы да жоқ емес, әсіресе, электр желілерін жүйеге келтіру күрделі жұмыстардың бірі. Бізге қызмет барысында туындайтын жағдайларға байланысты тапсырмалар да беріледі, сондықтан, оларды орындау қиынға соқпайды», – деді қатысушы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *