Атырауда карантин кезінде 67 адам қамауға алынды

e98a0990 1 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

7 – 9 сәуірдегі түнгі мезгілдерде   көшеге себепсіз шыққаны үшін полицияға 70-ке жуық азамат жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, материалдар сотқа жолданған.

«Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап облыста  180 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 67-і қамауға алынды.

Мас күйінде патрульге бағынбаған 9 адамға қатысты ӘҚБтК-нің 478-бабы «төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бойынша хаттамалар толтырылды.


Осы уақыт ішінде блокпостарды айналып өтпекші болған 21 әрекет тоқтатылды, оның ішінде 13-і жеке автокөліктерімен айналма жолдарда анықталды. Осы мерзім ішінде облыс полицейлері 3 000-нан астам азаматтарға түсіндірме жүргізді.» делінген хабарламада

Еске сала кетелік, карантинге байланысты Атырау қаласына кіру және шығу фактілерін болдырмау мақсатында Алмалы және Бесікті, Қара  өзек және  Қарабатан бөгет бекеттері маңайындағы қара жолдар мен айналма жолдарды  патрульдеу бойынша арнайы мобильді топтар құрылды. Сонымен қатар,  «дрон» көмегімен де іргелес аумақтарға бақылаулар жүргізілуде .

Қалада  азаматтар мен автокөліктердің қозғалуына тыйым салынған. Шектеулер жұмыс жасап тұрған мекеме қызметкерлері , жедел жәрдем, өрт сөндіру, авариялық-техникалық қызметтерге қатысты емес. Бірақ, қызмет бабындағы азаматтар әркез өзімен бірге жұмыс орнынан анықтама алып жүруі қажет.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda%d2%93y-so%d2%a3%d2%93y-tirkelgen-%d2%afsh-adamny%d2%a3-virusty-%d2%9bandaj-zha%d2%93dajda-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93any-belgili-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз