Атырауда құрбан айт қарсаңындағы мал сою орындары белгіленді (+ФОТО)

rban ayt m b rak bolsyin Жаңалықтар

Atr.kz/5 тамыз, 2019 жыл. Құрбан айт кезінде 4 мал сою пункті жұмыс жасайтын болады.

Олар:

  • 1) ШҚ «Асыл-Агро» (Солтүстік промзона, 49)
  • 2) ИП «Умарова» (Солтүстік промзона, 12)
  • 3) ИП «Абдилдиева» Тума (Ескі әуежай, 1)
  • 4) ЖШС «АБКА» Адал (Солтүстік промзона, 129)
IMG 20190805 WA0026

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і басталатынын хабарлаған болатын. Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады.

Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.  Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахап (жағымды) амал.

IMG 20190805 WA0027

Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады…» делінген.

Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады.

IMG 20190805 WA0024

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

IMG 20190805 WA0025
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз