Атырау көшелеріне 147 шақырым суармалы су құбыры тартылады (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Шаһар шырайы

Atr.kz/11 маусым, 2019 жыл. Жоба мемлекеттік-жекешелік əріптестік негізінде жүзеге асады, деп хабарлайды Атырау қаласы əкімдігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы қаланы көгалдандыру жұмысы бойынша «Каспийдормостострой» ЖШС жұмыс жасайтын болады. МЖƏ негізінде мекеме облыс орталығын көгалдандыру, суару жүйелерін жөндеу, сондай-ақ, жалпы ұзындығы 147 шақырым болатын жаңа су құбырларын салу бойынша жұмыстар жүргізеді. Мекемемен бес жылға келісім шарт жасалды.


– Біз биылғы жылдың 13-ші сәуірінен бастап жұмысқа кірісіп кеттік. Бүгінгі күнге дейін саябақтарда, алаңдарда және гүлзарларда шамамен 12 мың шаршы метр бір жылдық гүлдер отырғызылды. Оларды күнтізбе бойынша суару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, біз екі айдың ішінде 39 көшені қайта қалпына келтіріп, 16 аймақ пен саябақтардағы ағаштарды ақтап, қураған ағаштардың бұтағын кесіп, 21 гүлзарларға гүл отырғыздық,-дейді «Каспийдормостострой» ЖШС өкілі Леонид Задерный.

Бұдан бөлек, мекеме бүгінгі таңда облыс орталығында суару жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, əуежай жолындағы тамшылатып суару жүйесі 80% қалпына келтірілді. Сондай-ақ, қолданыстағы ескі су сорғыларының 8-і қалпына келтіріліп, жоба аясында тағы 7 қосымша сорғы орнатылатын болады.

– Қазіргі уақытта Атырау қаласында шамамен 30 шақырым ескі су құбырлары жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін МЖӘ жобасы аясында біз 147 шақырым суармалы су құбырының құрылысын аяқтап, қаладағы суару жүйесін толық бақылауда ұстайтын боламыз, – деп Леонид Задерный жоспарымен бөлісті.

«Каспийдормострострой» ЖШС-нің әртүрлі ағаштар, жылдық және көпжылдық гүлдер өсетін жеке орындары бар екендігін атап өту керек. Бүгінгі күні мұнда бес жыл болған 7 мыңнан астам ағаштар, үш жыл болған 7 мың ағаш, жəне 2 жыл бұрын отырғызылған 10 мыңнан астам ағаш бар.


– Біз аймақтың климаттық және топырақ жағдайына бейімделген ағаш түрлерін өсіреміз, бұл – қарағаш, терек, бұта. Сондай-ақ, мекеме жылдық өсімдік өнімдерін жеткізушілердің бірі болып табылады. Біз көгалдандыру саласында тәжірибесі бар мамандар тобын жинақтадық. Алматы қаласындағы көгалдандыру және суару саласындағы мекеме мамандарымен сенімді серіктестік құрдық. Біздің мекеме жүйелі түрде және ұзақ уақыт бойы әртүрлі көгалдандыру жобаларына қатысып, Атыраудың дендрологиялық жоспарының іске асуын бақылап, тәжірибе жинақтады,- деді мекеме өкілі.


“Каспийдоромстрой” ЖШС келесі бес жылға дейін 50 мыңға дейін ағаштарды күтіп, баптайтын болады. Жыл сайын 338 мың гүл және 3,5 мың бұта ағаштарын отырғызады. Сондай-ақ, 2023 жылға дейін отырғызылған ағаштардың саны 25 000-ға жетеді деп жоспарлануда, олардың 2 мыңы жеміс ағаштары болмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *