«Атырау» газеті төріңізден табылсын!

Газет және оқырман Жаңалықтар

Atr.kz/6 қараша, 2019 жыл. «Атырау» газетіне жазылу науқанына қолдау білдіру бағытында аталған басылымның Бас редакторы Исатай Балмағамбетовке жеделхаттар түсуде. Солардың бірқатарын жариялауды жөн көріп отырмыз…

***

Біздің мектептің ұжымы «Атырау» газетіне жыл сайын жазылуды дәстүрге айналдырған.

Жыл сайын 50 адам жазылатын болса, биыл олардың қатары 60 адамға артып отыр. Мектеп ұжымы тек жазылып қана қоймай, өз қаламдарынан туған дүниелерін де редакцияға жолдап отырады. Сөйтіп, мемлекеттік бағдарламалар мен білім беру саласындағы жарқын жобаларға үн қосып отырады.

Азамат ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ,

Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп директоры, Мақат ауданы

***

Өңірдің құрметті азаматы Төкен Жұмағұлов ағамыздың «Атырау» – әр тарапты көрер көзіміз, шартарапқа айтар сөзіміз!» атты Үндеуі барша кәсіпкерге арналып отыр.

Жыл сайын қамқорлықты қажет ететін отбасылардың «Атырау» газетіне жазылуына қол ұшын беріп келеміз. Аудандағы 25 шаңырақтың алдағы жылға облыстың байырғы басылымына жазылуына көмектесемін.

Бержан КЕНЖЕБАЕВ,

«Құрманғазы Сервистікдайындау орталығы» ЖШС директоры,

Құрманғазы ауданы

***

« Атырау» газетінде белгілі кәсіпкер ағамыз Төкен Танаұлының Үндеуі жарияланды. Ондағы айна-қатесіз айтылған пікірлер менің де ойымды дөп басты.

Рас, қазіргідей нарықтағы қымбатшылық кезінде газетке де қолдау білдірген артық емес. Өйткені, кей отбасының рухани азық алып, газетті оқығысы келгенімен, оны алуға қалтасы көтермеуі мүмкін. Сондықтан, мен де аудандағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қамқорлық танытуға бел будым. Сөйтіп, жиырма бес отбасыны «Атырауға» жаздырып беремін.

Айтбай СИСЕНОВ,

облыстық мәслихат депутаты, Жылыой ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *