Атыраудағы мұғалімдер мен студенттер электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілді

2018060815385382387 2348656 Жаңалықтар

Атыраудағы барлық мұғалімдер мен студенттер электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2018060815385382387_2348656

Биылғы жарты жылдықта өңірдегі 10 758 педагогика саласының қызметкері және колледждердегі 4 633 студент электронды цифрлы қолтаңбамен толық қамтамасыз етілді. Бұл олардың мемлекеттік қызметті орталыққа бармай-ақ, үйден отырып алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңірдегі 2 жоғары оқу орны мен 25 орта кәсіптік білім беру ұйымында студенттерге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды.

Айта кету керек, Атырау облысы бойынша барлығы 1 443 210 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз