Атырауда 2 баланы ұрлаған әйелдің ақыл-есі кем болуы мүмкін (ФОТО/ВИДЕО)

IMG 20170929 WA0005 Жаңалықтар
Атырау облысында жұма күні түнде Мақат ауылында екі баланы ұрлап кеткен әйелді дәрігерлер тексеруде. Ол әйел жедел іздестіру барысында Құлсары қаласынан ұсталған болатын. Бұл туралы редакциямызға облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20170929-WA0005
– Мақатта екі баланы ұрлаған әйел Атырау облысы, Мақат аудандық сотына түскен тергеу органдарының әйелді мәжбүрлі түрде тексеруден өткізу туралы өтініші бойынша 30 күнге медициналық мекемеге орналастырылған. Медицина қызметкерлері әйел балаларды ұрлағанде ақыл-есі дұрыс болды ма, жоқ па, соны анықтауы қажет, – дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, бейсенбі күні шамамен кешкі 20:30-дарда Мақат аудандық ІІБ-не Мақат ауылында 5 жасар бала мен 4 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабар түскен. Дабыл беріліп, аудандық полицияның бүкіл жеке құрамы іздеу жұмысына кіріскен. Прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша балаларды іздестіруге прокуратура, полиция және әкімдік қызметкерлерінен тыс, белсенді азаматтар да жұмылған.

IMG-20170929-WA0008

Шамамен 22:20-да адамдардың балалардың белгісіз әйелмен бірге таксиге мінгенін көргені туралы хабар келген. Сонымен қатар іздестіру жұмыстары кезінде сол маңда бейсауат әйелдің жүргені туралы хабарлар тараған. Іздестіру аймағы кеңейтіліп, оған көрші ауылдар мен аудан орталықтарының құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жұмылдырылған.
Жұма күні таңғы 4-те балалар үйінен 150 км қашықтықта, Жылыой ауданының Құлсары қаласынан табылған. Балалардың денсаулығына зақым тимеген. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 125-бабы («Адам ұрлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Біз осыған дейінгі жариялаған бейнежазбамыздан, бала ұрлаған әйелдің өз кінәсін мойындап, тергеушіге былапыт сөздерді айтып отырғандығын көруге болады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз