ВЛАДИМИР РЕШЕТОВ, ТӘУЕЛСІЗ ЖУРНАЛИСТ, САРАПШЫ (ЛАТВИЯ): ЖАҢАРҒАН ЕЛ, ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

- Мені Қазақстанмен, соның ішінде Атыраумен көп нәрсе байланыстырады. Өз заманында әкем әскери адам болғандықтан, бұрынғы Кеңес Одағына қарасты елдерді көп араладық. Бір кездері Атырауда тұрып, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде еңбек еттім. Сол кездер мен қазіргі Қазақстанның жағдайы салыстыруға келмейді. Себебі, кеңес үкіметі тұсында Қазақстан шикізат секторы, небір сынақтардың лабораториясы ретінде ғана пайдаланылып келді. Ал, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – жаңарған, өзіндік ұстанымы, көзқарасы айқын, мақсаты биік ел.

 

Әлем Қазақ елін қазір осындай бейнеде таниды. Және де мемлекеттің басты жетістігі ретінде, толеранттылық деп аталатын саясаттың жемісті жүзеге асуын, яғни ұлттар арасындағы татулық, қоғамдық бірлікті айтар едім. Латвия да – көп ұлтты мемлекет. Бізде «азшылық ұлттар» деген ұғым бар. Бұл тұрғыдан келгенде, Латвия Қазақстан халқы Ассамблеясы институтынан үлгі алуы керек деп ойлаймын. Себебі, әлемдегі түрлі шиеленістердің ұлттар арасындағы араздықтан туып жатқаны белгілі.

Жазып алған: Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз