Тасшағыл ауылында жаңа балабақша іске қосылды (ФОТО)

DSC 0006 Жаңалықтар

Қызылқоға ауданына қарасты Тасшағыл ауылында жаңа балабақша пайдалануға берілді. 100 орындық балабақша заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

DSC_0006

Тасшағыл ауылының әкімі Мәлік Қуанышевтың айтуынша, заманауи орталық елдімекендегі балабақша кезегі мәселесін толықтай шешіп отыр.

DSC_0004

– Қазір орталыққа 107 бала тіркелді. Мұнда бүлдіршіндер 1 жастан бастап қабылданады. Қос қабатты орталық жатын бөлме, ойын алаңы, акт залы, асхана, яғни, барлық қажетті залдармен қамтылған, – деді ол.

E2vDReQby0Y

Перспективалы ауылдардың қатарына енгізілген Тасшағылда енді мәдениет үйін тұрғызу жоспарланып отыр.

-tBratNDQAs

yrFKlf2AjD0

 Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз