Шаттық сыйлаған мереке

3905607e 9911 4c91 863c 83fdb423c94b Жаңалықтар

Облыс əкімі Серік Шәпкенов облыстық арнайы мектеп-интернатта өткен «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысты.

Мерекелік кеште облыс әкімі балаларды Жаңа жылмен құттықтап, әр балаға тәтті сыйлықтар үлестіріп, мекемеге интерактивті тақта тарту етті.

– Құрметті балақайлар! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын! Сіздермен кездескеніме қатты қуаныштымын. Жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алу үшін шырша тойына әп-әдемі боп киініп келіпсіздер. Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл күні тілеген тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!-деді С.Шәпкенов. 

Шара барысында Серік Шәпкенов ғимараттағы оқу кабинеттерін аралап, жұмысымен танысты.

Облыстық арнайы мектеп-интернатта есту және көру қабілеті зақымдалған, психикалық дамуы тежелген 144 бала білім алады. Олармен 3 логопед, 3 тифлопедагог, 3 сурдопедагог, 1 психолог және 56 мұғалім жұмыс істейді.

eb9f5f6e c066 4943 85d0 bf2524d7c1dd

Бұдан кейін С. Шәпкенов арнаулы сәбилер үйіне барып, ондағы тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Арнайы тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарды үлестіріп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, бұл мекемеде түрлі қиын жағдайда қалған 22 тәрбиеленуші бар. Сонымен қатар, 10 сәби күндізгі бөлімде ем қабылдап жүр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз