Қатаң санитарлық режим сақталады: Атырауда жеңілдетілген карантин талаптары жарияланды

00000 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/2 мамыр, 2020 жыл. Назарларыңызға қаулының толық нұсқасын ұсынып отырмыз:

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы


Атырау қаласы

“Карантин талаптарын өзгерту туралы”
28 сәуір 2020 жылғы
№40 Қаулыға толықтырулар

Мен, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұсағалиев Темірбек Сарымұлы, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 – тармағының 4)  тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №310 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың ұзартылуы туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №17 хаттамасына сәйкес және Атырау облысы халқы арасында коронавирустық инфекцияны COVID-19 (ары қарай  – COVID-19) таралып кетпеуі  үшін

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы 4 мамырдың сағат 06:00-ден бастап төмендегі кәсіпорындардың сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етілсін:

img 20200502 wa0061


1) жалпы ауданы 500 м2 дейін азық-түлік емес дүкендер;
2) шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша);
3) адвокаттық қызмет көрсететін компаниялар (алдын ала өтінімдер бойынша);
4) медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);
5) стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша);
6) жарнамалық агенттіктер (алдын ала жазылу бойынша);
7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету;
8) фотосалондар және гүл дүкендері;
9) микроқаржыұйымдары;
10) сақтандыру компаниялары;
11) ломбардтар;
12) айырбастау пункттері;
13) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша компаниялар.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда төмендегі кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға жол беріледі:


1) технологиялық процеске және қызметтер көрсетуге қатыспайтын персоналдың қашықтан жұмыс режиміне барынша ауыстыру;


2) ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдарды жұмысқа жіберуді болдырмау үшін, ал КВИ (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) болмайтын симптомдары бар адамдар үшін-оқшаулау және жедел жәрдемді дереу шақыру;


3) қызметкерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;


4) маскаларды немесе респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;


5) жұмыс орындарында антисептиктердің, әрбір объектіде дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың азаймайтын қорының болуы;


6) тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықтың болуы;

1 11


7) жұмысшылар көп жиналатын учаскелердің жұмысын болдырмау (мүмкіндігінше жұмыс процесінің технологиясын қайта қарау);


8) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, сүйеніштерді, түйіспе беттерін (үстелдерді, қызметкерлердің орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитарлық тораптар) міндетті түрде ауысымына кемінде 2 рет дезинфекциялана отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау);


9) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекция жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ету;


10) консультант пен тұтынушы арасында 2 метрден кем емес қашықтықты мүлтіксіз сақтау (тікелей байланыс қызметтерін қоспағанда));


11) кезекте, кассалық және сауда аймағында сатып алушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін кемінде 2 метр белгінің болуы;


12) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды барынша пайдалану;


13) алдын ала жазылу және 3 клиенттен артық емес жұмыс;

3. Сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін азаматтардың жұмыс орнына баруына, жақын жерде орналасқан азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға, шұғыл көрсеткіштер бойынша медициналық көмекке жүгінуіне, рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша қызмет алуға рұқсат беріледі.

Бұл ретте жеке автокөлік құралдарымен қозғалыс тек карантиндік кезеңінде жұмыс атқаруға рұқсат етілген ұйымдардың қызметкерлеріне, таңертең таңғы 06-00-ден 09-00-ге дейін, кешке 17-00-ден 20-00-ге дейін рұқсат етіледі. (тек жұмысқа барып-келу үшін, жұмыс орнынан берілген анықтама болуы қажет).


Көшеде жеке спорттық шаралар мен жаттығуларға рұқсат етіледі.


Бұл ретте тұратын жерінен тыс жерде жүрген кезде маскаларды міндетті түрде алып жүру және қолды антисептикпен өңдеу жөніндегі талаптар белгіленеді.


65 жастан асқан адамдар аса мұқтаждық болмаса үйінен шығуға тыйым салынады.

4. Сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін облыстық және қалалық әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндірудің, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтердің қызметкерлерін, сондай-ақ стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің бөгде адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, (қызметтік куәлік пен жұмыс орнынан берілген анықтама болуы міндетті);

1 10

5. Ұйымдар мен кәсіпорындар үшін жоғарыда аталған және бұрын рұқсат етілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызметтің барлық өзге түрлері карантин мен төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде тоқтатыла тұрады.

6. Атырау облысында төтенше жағдай режимі кезеңінде қабылданатын шараларды орындау жөніндегі жұмыс тобы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

7. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантиндік шараларды қатаңдатуға көшу құқығын өзіме қалдырамын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Атырау облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Т.С. Мусагалиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз