ХАЛЫҚ САНАҒЫ – 2021: Атырауда тұрғын үйлерді жалпы аралау жұмыстары басталды

whatsapp image 2021 10 04 at 13.48.58 Жаңалықтар

Негізгі кезеңді жүргізуге облыс бойынша 700-ден аса санақ персоналы жұмысқа тартылды, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Санақ персоналының қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, санақтың негізгі кезеңінің өтуі мерзімінде нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлердің Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жүруі ұйымдастырылды.
Бұл туралы брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов мәлімдеді.

  • Үй-жайларды жаппай аралау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері іс-шараны өткізу кезінде қолдау көрсететін болады. Қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарында есепте тұрған адамдар тұратын күрделі учаскелерде, саяжай алқаптарында учаскелік инспекторлар интервьюерлермен бірге жүретін болады, – деді ол.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз