Биыл өңірде 30 кешенді трансформаторлық станциялар орнатылады

screenshot 5 Жаңалықтар

2020-2021 жылдары өңірде 50 дана кешенді трансформаторлық станция орнатылып, электр желілері тартылған.

Олар Балықшы, Құрсай, Мирас, Бірлік, Мұнайшы, Химпоселок ықшам аудандары мен Ақсай ауылына орнатылған. Сондай-ақ, былтыр жазғы уақытта қуаты жеткіліксіз болуы себепті тозығы жеткен кешенді трансформаторлық станциялары Атырау-2 мөлтек ауданында ауыстырылды.

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің көлік, энергетика және байланыс секторының бас маманы Мұхтар Сағандықовтың айтуынша, бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында 40 дана кешенді трансформаторлық станциялар сатып алынған. Олардың 30-ы орнатылса, 10-ы резервке қойылмақ.

Бұл орындар тұрғындардың жергілікті атқарушы органға түскен арыздарына және «Атырау Жарық» АҚ-ның мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесіне орай бекітілген. Яғни, олар, Самал, Мирас, Химпоселок, Водников, Жұмыскер, Лесхоз, Атырау, Көкарна ықшам аудандары мен Ақсай, Еркінқала 1, 2 ауылдарына орнату жоспарлануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз