Атыраудағы қоғамдық орындар мен сауда нысандары неге орысша аталған?

Жаңалықтар

       Жуырда Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Атырау қаласында орналасқан халыққа қызмет көрсету орындары, атап айтар болсақ, «Тамаша» ойын-сауық орталығы, «Көктем» сауда үйі және «Technodom OPERATOR» АҚ-ның ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуына қоғамдық мониторинг акциясы өткізілді.

       Еліміздің тіл туралы заң талаптарының сақталуын қадағалап, түсінік жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсетуді көздеген акция барысында «Тамаша» ойын-сауық орталығы мен «Көктем» сауда үйінде орналасқан көрнекі ақпараттарда ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабымен бекітілген талаптардың бұзылғандығы, яғни көрнекі ақпарат тек бір ғана орыс тілінде орналастырылғаны анықталды.

Бұл олқылықтарды нысан басшылары назарға алып, алдағы уақытта заң талаптарына сәйкес ретке келтіруге уәде етті. Сондай-ақ, бірнеше рет жүргізілген түсінік жұмыстарының нәтижесінде «Technodom OPERATOR» АҚ-дағы көрнекіліктердің заң талаптарына сәйкестендірілгені белгілі болды.

       Акцияға басқарма қызметкерлері мен Атырау қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз