Атырауда «Ореl» мен «КамАЗ» соқтығысып, бір адам қаза болды

20171102181653 Жаңалықтар

Жол апаты Атырау қаласы мен Мақат ауданындағы Доссор кенті арасын жалғайтын жол бойында болған.

«Қазақпарат» мәлімдегендей, жолда «Ореl» мен «КамАЗ» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан 58 жастағы әйел зардап шеккен. Оны аурухана жеткізу мүмкін болмады. Жарақат алған жолаушы ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды.

Қазір жол апатының себебі анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз