Атырауда кішігірім Наурыз тойы аталып өтті (+ФОТО, +ВИДЕО)

img 20210322 wa0033 Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры алдында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен театрландырылған көрініс ұйымдастырылды.

https://youtu.be/LUZFk_Wh7rc

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пандемия жағдайына байланысты атыраулықтарды Наурыз мерекесімен бейнебайланыс арқылы құттықтады” деп хабарлайды «Атырау» газетінің тілшісі.

«Құрметті атыраулықтар! Облыс қонақтары! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
 Тамыры тереңде жатқан Наурыз мейрамы ұлттық күнтізбеміз бойынша жылдың басы сана­лады. Қытымыр қыстан аман шығып, көктемнің жылуына жеткен бабамыз осы кезде өткенге са­лауат айтып, болашаққа үмітпен қарап, ыдысын аққа толтырып, бір-біріне ақжарма тілектерін ақтарған.


Бүгінде біз осы дәстүрді өзгеше көзқараспен қайта жаңғыртып, рухани қазынамызға айналдырдық. Биыл ел Тәуелсіздігі және 22 наурызды «Наурыз мейрамы» деп жариялау туралы Президент Жарлығына қол қойылғанына 30 жыл толғанын айрықша атап өткен жөн. Сондықтан, Ұлыстың ұлы күні тәуелсіздігімізбен бірге қайта жанданып, халықтың асыға күтетін мейрамына айналды.
Бұл мереке Қазақ елінде де сан ұлт өкілдерін бірлік-берекеге бастай­тын жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгерді. Атырау – зор әлеуетімен, келелі істерімен мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосып отырған өңір. Былтырғы қиындықтарға қарамастан қол жеткізген табыстарымыз да аз емес.


Әз-Наурыз барша атыраулықтарға, әр отбасына береке, табыс, молшылық әкелсін. Әрдайым ел игілігіне арналған жақсы әрі жасампаз істеріміз көп болсын. Жаңа жыл құтты, Ұлыс оң болсын, ағайын!» деді аймақ басшысы.

Әрі қарай жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, мың бұралып биледі. Іс-шараға өнерпаздар Атырау қаласымен қоса аудандардан келген.

Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты облыста наурыз мерекесінің нақыштары декоротивтік негізде ұйымдастырылды. Бұрынғыдай аң шаңқан киізүйлер құрылған жоқ. Мерекелік дастархан да жайылмады.

img 20210322 wa0032
img 20210322 wa0034
img 20210322 wa0038
img 20210322 wa0039
img 20210322 wa0042

Нұргүл НАСЫР,

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз