eea378f1 4c7b 42f2 9e8d 0b085931c32b 626 000000caee387760

Атырауда емханалар штаттық режимде жұмыс жасауда

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Бүгінгі таңда Атыраудағы қалалық емханалар штаттық режимде жұмыс жасауда.  COVID – 19 жұқтырғандардан анализ алған  төрт мейірбике оқшауланды.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, №2 емхананың 2  медициналық қызметкері және №3 емхананың осынша сала маманы  оқшауланды. Бұл ақхалаттылардан  арнайы тест алынып, оның қорытындысы алты сағаттың ішінде анықталады.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы   қалалық емханалардың карантинге жабылатындығы жөніндегі мәліметтің жалған екендігін ресми түрде  хабарлайтын болады. Айта кету керек, жалған ақпарат таратушылар әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған