Атырауда тұрғын үйдің шатыры ұшты (видео)

IMG 0381 29 03 17 06 11 Жаңалықтар

Бүгін түсқайта 17 сағат 07 минутта ұйытқи соққан дүлей жел Атырау қаласындағы Қ.Смағұлов көшесі №56 үйдің шатырын ұшырып әкетті.

IMG_0381-29-03-17-06-11

Шатыр тұрғын үй ауласындағы балалардың ойын алаңына құлады. Сол маңда тұрған екі көлік бүлінді. Зардап шеккендер жөнінде әзірге мәлімет жоқ.

IMG_0380-29-03-17-06-11

Кеше 112 қауырт желісінен желдің ұйытқуы 17-22 м/с дейін болатыны жөнінде хабарлама келген еді.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Видеоны түсірген автор (әуесқой түсірілім).

Суреттерді түсірген: Абай Ақмұрзиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз