АТЫРАУДА АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА ТҰР

screenshot 20220312 175214 Жаңалықтар

Атырау облысында ана мен бала денсаулығы мәселесі өткір тұр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният брифинг барысында айтты.

«Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған сәтімнен бері, министрлікке 1000-нан астам өтініш келіп түсті. Атырау облысынан сұрақтар негізінен ана мен баланың денсаулығына қатысты. Осы аймақта бес күн бойы арнайы комиссия жұмыс істеді. Облыста кадр тапшылығы байқалады, 201 медициналық маман жетіспейді. Биыл өңірге 52 жас маман келеді деп күтілуде» деді Ажар Ғиният.

Министр 2023-2026 жылдары Атырау облысының аудандарында алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 19 нысанның құрылысы жоспарланғанын да хабарлады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз