ЖАҢА ЗАҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

2014 жылғы 21 қарашадан бастап қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру үшін хабарлама жасау тәртібімен байланысты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелері күшіне енеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызмет хабарлама жасау тәртібінде іске асырылады. Басқаша айтқанда, өтініш беруші уәкілетті органға сәйкесінше хабарландыруды жолдағаннан кейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды бастауға немесе тоқтатуға құқығы бар.

Занның 17-бабының 3-тармағына сәйкес рұқсатсыз бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті іске асырған жеке және заңды тұлғалар осы қызметті әрі қарай жалғастыру үшін мемлекеттік органға тиісті хабарлама жіберуге міндетті екендігіне назарларыңызды саламыз.

Осы жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті болып табылады. Өтініштерді тікелей қабылдау мен қарауды Комитеттің аумақтық департаменттері жүзеге асырады.

Хабарлама беру Үкіметтің электронды порталы арқылы «Е-лицензиялау» жүйесінде жүргізіледі. Хабарламадағы және қоса берілетін құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығына өтініш беруші жауап береді.

Электронды түрде өтінішті беру процесімен дәлірек «Е-лицензиялау» веб-порталында мына мекен-жай арқылы таныса аласыздар: https://elicense.kz, сонымен бірге, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның  Call-орталығының телефоны: 8-8000-80-7777 немесе 1414 (қоңырау шалу тегін), 30-73-10, 27-63-32 және www.control.edu.gov.kz  atyrau-dkso.kz сайты.

Заңның толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыздар (сілтеме).

Анықтама:

Заңмен қарастырылған өзгерістер рұқсат беру рәсімін оңтайландыруға және реттеуге, кәсіпкерліктің дамуы мен бизнесті белсендіру үшін әкімшілік тосқауылдарды қысқартуға, сонымен қатар мемлекеттің, кәсіпкерлердің және тұтынушылардың мүдделерінде тепе-теңдікті сақтай отырып, мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1) тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;

2) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі;

3) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;

4) өзара жауаптылық;

5) сыбайлас жемқорлықтан азат болу.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз