Қостанайдағы өрттен 10 адам жапа шекті

2022 09 04 045833598100 Қоғам

Ресми мәліметке сүйенсек, 10 адам (5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды.

Олардың 4-еуі орталық аудандық ауруханада, 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.   Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы.   Жағдайдың жақсаруына байланысты р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (пойыздар) бойынша поездар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды.   «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жоғары температура 28 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін сақталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз