БАЙЫПТЫ БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзі әрбір қазақстандықты бейжай қалдырмады деп ойлаймын.  Өйткені, мұнда елдің ертеңгі дамуы, сол жолда  кездесуі мүмкін қиыншылықтар айтылып,  нақты бағыт айқындалған еді.

Мемлекет баяндаған бес жаңа сыртқы сын-қатердің бірі – әлемдегі экономиканың турбуленттілігінің жалғасуында. Санкциялық, «валюталық» және сауда соғысы барлық  елдерде проблемаларды ушықтыра түсуде. Осы орайда, Президентіміздің «алдымен – экономика, содан соң саясат» деген ұстанымы алға шығады. Қазақстан өзінің даму жолын экономикаға кең өріс ашудан бастады. Өндіріске жаңа технологиялар енгізуде, үздік тәжірибелер қолдануда бұл ұстаным, сөз жоқ, бізді үлкен асуларға шығарады.

Нұрсұлтан Әбішұлы – қазақ халқы ғана емес, әлем мойындаған лидер. Сөзімнің жарқын мысалы ретінде кешегі Президент сайлауын айтсам деп едім. Өзім де, отбасым да өз таңдауымызды жасадық. Яғни, елдің тұрақтылығын, қарыштап дамуын қамтамасыз еткен, болашағымызға жарқын жол ашқан айтулы тұлға Нұрсұлтан Назарбаевты қалап, дауыс бердік.

Хисма БИМҰХАМБЕТОВ,

Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз